Mairai - ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ
Лаура
 ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ
"ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ 
ЖАЙЫНДАҒЫ ХИҚАЯТ” 
атты шағын хисса:


Аят хақы қолдай көр бiр нашаят.
Кешiргей қатам болса жаббар құдай,
Айтайын бұрынғыдан бiр хикаят.

Шығарам шағын хисса құлағың сал,
Ә леумет аз жырымды қабылдап ал.
Алланың өзi берген өнерi ғой,
Пендеге өлең айтса, болмас обал.
Ертерек қазақ, ноғай бiр болғанда,
Жол жүрген түйе мiнiп бiр кәрi шал.

Жаратқан жат қылған соң iсiн оның,
Қ осылмай жалғыз өткен бiр жұбайға.
Жазғанның барар жолы ұзақ екен,
Бейшара шығып кеттi елсiз жайға.
Жол жүрдi үш күн тынбай ұдайына,
Ол өзi көп сыйынған құдайына.
Су таба алмай сол ғарып халi бiттi,
Адамзат қарар емес шырайына.

Алла деп жолға түстi таң атқанда,
Ұ йықтамай елегiзiп ел жатқанда.
Көрiндi қарсы алдында жалғыз отау,
Сол үйге түнемекшi күн батқанда.

Ол үйде отыр екен жалғыз қатын,
Шығарар тәуiр әйел ердiң атын.
" Еркек жоқ үйге ешкiмдi қондырман”, - деп,
Бастады қатал сөзбен жағдаятын.

Сонан соң ұрмақ болды бақанменен,
Жүргейсiң таяқ жемей аулақ менен.
Сендейдiң жүзi келiп, жүзi кетер,
Көремiн нендей пайда кезбелерден.

Сөйлейдi көк долы әйел кет деп әрi,
Тыңдамас оның сөзiн жазған кәрi.
Ғ айбаттап шайпау әйел тұрғанында,
Қ атынның келiп қалды үйге жары.

Тiршiлiк бес күн жалған өтер бастан,
Шығады өнер, ақыл қайран жастан.
Келе сап үй иесi жөн сұрады,
Шал жайын бiлмек болып әуел бастан.

Қ ария өз жағдайын баян еттi,
Көргенiн жастан нелер қасiреттi.
Ғ арып шал су iше алмай қалжыраған,
Шертедi үй иесiне болған кептi.

Айтады үй иесi шалға қарап,
Бұл ғарып неткен пенде күйсiз жатқан.
Ә лде бұл диуанама елдi кезген,
Шайхы боп хақ жолында жүрiп жатқан.
Мейманды сусын берiп сыйладың ба,
Сапарын бiлгеннен соң жаңға батқан.

Ә йелi дәм бермедi сараңданып,
Ерiнiң тiлiн алмай қиқарланып.
Қ онақты күт десе де байы оған,
Айтқанын тыңдамады құлақ салып.
Ә йелiн соның үшiн сабады ерi,
Қ олына талдан кесiп шыбық алып.

Мейманды жiгiт сонда сыйлайды ендi,
Қ ария абзал жанды жақсы көрдi.
Шәугiмге су қайнатып шайын демдеп,
Қ онаққа үй иесi тамақ бердi.
Шал мұндай жомарт жанды көрген емес,
Аралап жүргенменен талай жердi.

Ү й иесi айтты: Ата сөзге құлағың сал,
Жiгiт ем шыныменен бiткендей мал.
Айырылып жау шапқан соң дәулетiмнен,
Бұл күнде азық тапшы, болмай тұр хал.
Түйеңдi астыңдағы маған сатып,
Болады қанша динар бағасын ал.

Ә йелiне айтты: дем алсын ғарып пенде,
Еш мейiрiм жоқ екен дедi сенде.
Келгенде мейманыңды қабыл алсаң,
Иманнан сен қалмайсың болып кенде.
Бұл кiсi түйе мiнiп жүрген екен,
Таулардың басып өтiп асуларын.
Азығы таусылған соң қалжыраған,
Шөлдердiң асып өтiп шағылдарын.

Еш жерден бiр жұтым су таппаған соң,
Сен оған дұрыс жауап қатпаған соң.
Қ айғырып жатыр екен ғарып ата,
Орынсыз өзiн босқа даттаған соң.

Қ онаққа айтты үй иесi сат деп түйе,
Сөздерiн түйенi алып сөйлеп жүйе.
Нарды сойып, мүшелеп, етiн тұздап,
Бетiне сұм әйелдiң жақты күйе.

Ү й иесiнен қария құрмет көрдi,
Ет асып мырза жiгiт тамақ бердi.
Шалдың өзiне сары нарын сойып берiп,
Шығарды көкiрегiнен қайғы-шердi.

Ғ арыпты қонақ еттi түйе сойып,
Пiскен соң түйе етiн жеп қалды тойып.
Меманды қабыл алып құрметтессең,
Алла кешер күнәңдi бiрден жойып.

Шал байғұс қайғыланды түйесiне,
Келмейдi айтса сөзi жүйесiне.
" Бұл жерге бекер босқа келiппiн”, - деп,
Қ орыққанынан айта алмады үй иесiне.

Көзiнен ұйқы қашып жата алмады,
Қ айғымен еттен жөндi тата алмады.
Қ ария уайымдаса да амалы жоқ,
Ешбiр сөз үй иесiне қата алмады.

Солайша уайыммен апта өттi,
Ғ арыпты үй иесi құрметтептi.
Күн сайын түр-түрiмен тағам берiп,
Мейманды жомарт жiгiт жақсы күттi.

Бiр күнi ертеменен тұрды дейдi,
Сиынып аузына алды пiрдi дейдi.
Мейманды үй иесi қасына ертiп,
Екеуi мал iшiне кiрдi дейдi.

Есепсiз түйе жатыр құмда толып,
Түйесiн шалдың алған сынамақ болып.
Көрсеттi мың түйеден таңдап ал деп,
Жау шауып кеткен емес дәулетi толық.

Ө зiнiң жомарттығын бiлдiрмек боп,
Қ онаққа әзiл айтқан жатқан қонып.
Қ араса қойы менен жылқысы көп,
Маңайды қария да шықты шолып.

Шал түйе таңдап алды қырық дiллалық,
Мырзаға разы болды көрген халық.
Толтырып ғарып қалтасын көп ақшаға,
Жөнелттi әбден күтiп батасын алып.

Құ рметтеп қарияны шығарып салды,
Құ дайым сахыларға берген малды.
"Қ онағым қош, разы болыңыз”, - деп,
Жеткiзiп күндiк жерге шығарып салды.

Сонымен мейман кеттi жолға түсiп,
Сарғайып жүредi екен iшi пысып.
Шаршады қария пақыр жол үстiнде,
Ө кпесiн ыстық жел де қатты қысып.

Ғарып шал аз дем алып жолға түстi,
Ә мiрi қадыр Алла сондай күштi.
Сыйынды ол құдайға да, аруаққа да,
Сапарда көрсет пе деп зор қипысты.

Қ ария келе жатыр нарға мiнiп,
Барады ұзақ жолда көңiлi тынып.
Сарғайып ыстық күнде сапар қылды,
Құ дайдың құдiретiне мойын ұсынып.

Ақсақал келе жатып керiледi,
Ә рi қарай жол жүруге ерiнедi.
Қ ария үш күн, үш түн жүрген кезде,
Алдынан және де ақ үй көрiнедi.

Ақ орда қарсы алдында көрдi тағы,
Ашылар дiндi күтсе ердiң бағы.
Сол үйге тоқтап қария мейман болды,
Күн батып, қызыл iңiр болған шағы.

Жас әйел үйден шықты сылаңдаған,
Көңiлi мейман күтпей тына алмаған.
Ә уелi қарияға сәлем еттi,
Көңiлiн бөгде iске бұра алмаған.
"Қ онағым, хош келiпсiз, үйге кiр”, - деп,
Келген соң жолаушыны қабыл алған.

Құ рметтеп қарияны қонақ қылды,
Дұрыстап тамақ берiп тойындырды.
Мейманға мұсылмандар барын тосып,
Баршаны мырзалықпен мойын ұсындырды.

Ертеңiне үй иесi келдi дейдi,
Адамды аттанбақшы көрдi дейдi.
" Сен неге бұған тамақ бересiң”, - деп,
Ә йелге ұрып жаза бердi дейдi.

Қ атынын ұрып-соғып басын жарды,
Ә йелге жолдас қылған пейiлi тар-ды.
"Құ дая, бұл жауызға жаза бер!?”- деп,
Жылайды жас келiншек етiп зар-ды.

Ә йелден тоқтап қария сұрайды сөз,
Нелердi есен жүрiп көрдi ғой көз.
Кiнәсiз қарғам сенi, ұрып-соқты,
Қ алайша бұл байыңның ашуы тез?

Таң қалам еске түссе көргендерiм,
Сахының iшiп-жеппiз бергендерiн.
Жарлымын қолдан хайыр бере алмаймын,
Байқадым сараң екен келген жерiң.

Ей, қызым, айтқаныма құлағың сал,
Жақсыдан шыққан лебiз шекер мен бал.
Сөйлейiн iшiмiзден тарқасын шер,
Ө зiмнiң жол-жөнекей көргенiм бар.

Шырағым, жақсы болсаң жаннат жаның,
Екi дүниеде жарылқар бiр құдайым.
Азабың ерден көрген зая болар,
Ешқашан оның үшiн қылма уайым.

Қ орлығың байдан көрген болар зая,
Болады берген хайыр зиннаһ файа.
Сираттың көпiрiнен заулап өтiп,
Табарсың бейiштен орын, жанға сая.
Байыңның жамандығын кек көрмесең,
Барарсың ұжымақтағы жақсы жайға.

Қ иянат көрсең байдан жаман деме,
Бередi сондай азап маған деме.
Көрмейтiн жақсы iсiмдi көңiлi соқыр,
Қ ап-қара жан дүниесi харам деме.

Тiрiлiкте алған жарын сыйламайтын,
Ұқ пайтын адам жайын надан деме.
Не айтса айтқандарын қабыл еткей,
Еш пайда берiлмейдi саған деме.

Қ остағай алған байың ықтиярың,
Басқаға есiттiрмей болса зарың.
Жаман да болса, соның айтқанын қыл,
Төгiлер араздассақ намыс-арың.
Бiр үйге келiп қондым кешке таман,
Сарғайып су таба алмай болғам жаман.
Ә йелi: "Бұл үйден кет далаға”, - деп,
Қ алдырды көңiлiмдi болып надан.

Жаныма айтқан сөзi тидi қатты,
Қ ылар ма құдай мұндай адамзатты.
" Жолаушы, бұл жерде ендi тұрмашы”, - деп,
Қ олына тасты алып маған атты.

Ә йелден азап көрдiм жанға тиiп,
Тағы да балағаттады, тiлдеп-сиiп.
Қ алжырап алыс жолда жайым болмай,
Сол үйге тоқтаймын деп тарттым күйiк.

Бiр кезде үй иесi келдi кiрiп,
Бүктүсiп жатқан менi көзi көрiп.
"Қ онақты неге күтпей отырсың?”- деп,
Ә йелiн көк шыбықпен тартты келiп.

Қ атынға ашуланды қатты кейiп,
Неден пейiлiң жаман деп түпке жетiп.
Ә йелiн ұрып-соғып қинаған соң,
Жығылды денесiне таяқ өтiп.

Бiр уақытта сәлем берiп, келдi маған,
Дастарқан жайып, алдыма қойды тағам.
Ықыласпен жаны ашып құрмет етiп,
Шәугiмге су қайнатып, шай қамдаған.
Ө зiме өз түйемдi сойып бердi,
Ә бден-ақ мен разы болдым оған.

Бiр нарды таң атқан соң келдi алып,
Iшiне қоржынымның азық салып.
Бiр адамға бiр түйе сойып берген,
Келемiн мәрттiгiне қайран қалып.

Шаттанып мейман келсе, көңiлi тасқан,
Дәулетi ол мырзаның елден асқан.
Құ дайдың құдiретiне таң қаламын,
Сахыға жаман әйелдi жар қып қосқан.

Айтамын неше алуан сөз көңiлi кiрге,
Зар қылып жалбарынам кәмiл пiрге.
Сенiң байыңды сол үйдiң қатынымен,
Екеуiн жұбай қылып, қосса бiрге.

Ол жiгiт жомарт екен бұл жалғанда,
Жылаймын еске түсiп, ойға алғанда.
Бiреудi жаман, бiреудi жақсықылып,
Құ дайым пешенеге құп салғанда.

Соны естiп әйел айтты: тыңда баба,
Сөзiме менiң айтқан құлақ сала.
Сол көрген жомарт жiгiт кiм десеңiз,
Болады бiрге туған маған аға.
Лаухылда пешенеге жазған екен,
Ылаж жоқ мұнан кетiп қылар шама.
Ағам мен әлгi жүрген сұмырай байым,
Алысқан бiр-бiрiнiң қарындасын.
Кенеттен бiр асыл кеп құтқармаса,
Қ айғыға тап болып тұр менiң басым.
Ағамыз қатынынан жапа шегiп,
Ө ткiздi қасiретпен жарым жасын.

Бiр жәгу күллi шәйi келген аят,
Қ олдағай аят хақы бiр нашаят.
Бақылдық сахилықта насинан деп,
Соңғыға қалған екен бiр хикаят.

Қ иналдық пендем үшiн шығарып өлең,
Көрмесiн жұртым бейнет орып-азып.
Осы бiр хиқаяны хисса еттiм,
Жақсылардың көңiлi үшiн гүлден нәзiк.

Асылдар бұл сөзiмдi мұқият тыңда,
Тәңiрiм жан жаратты неше жұмлә.
Жарлығы бiр Алланың ораза-намаз,
Айтқанын пайғамбардың екi қылма.

Бұл сөзiм кiтап сөзi тыңда жаным,
Болғанда бiрiң-уәзiр, бiр ханым.
Жарлығын бiр құдайдың тәрп етпесең,
Дозаққа кез болмайсың, күймес тәнiң.

Жетерсiң тәуiр болсаң қадiрiме,
Шыдармын надан болсаң да жәбiрiңе.
Жиында шығарып хисса, өнеге айтып,
Сөйлеймiн үлкен-кiшi нәзiгiне.

Пайғамбар хадисiнiң бәрi де рас,
Кейiнгi үммәтiне қалған мирас.
Көрерсiң қияметте ғазим сауап,
Қ атарлас пенделерге жегiзсең ас.

Кетедi ұшырасқанмен, бiзден түнек,
Көтерiп көрмесем де тосып бiлек.
Құ рбылар әр кездерде қонақ болып,
Хиқаят сөз тыңдауға қояр тiлек.
Бiр апта ақ ордамда мейман болып,
Ғ ибрат сөз ұғады менен тiлеп.

Жайылған тұз-несiбем әр тарапқа,
Болады менi iздеген ер санатта.
Қ азақ-қалмақ соғысы жылында да,
Тәңiрiм зар қылған жоқ ас-тамаққа.

Жас болсам да, қорғадым өз халқымды,
Құ рметтеп соңыма ерттiм көп жалпымды.
Тойтарыс берiп жауға әр кезеңде,
Тоздырмай жүрмiз әлi ел салтымды.

Ә рқашан жұрт қолдаған талабымды,
Таңдадым жауға жұмсар жарағымды.
Ертерек өнер қуып, қару соғып,
Қ орғаймын ел мекенi алабымды.

Хиссама азаматтар сал құлағың,
Кетпесiн жәмиғаттар ынтымағың.
"Ғ ибрат сөз айтатын ағалар бар”, - деп,
Тыңдаңыз үлкен-кiшi ер жауабын.

Ағайын, үлкен-кiшi ақылдасым,
Сыйлы ғой жұрт iшiнде ғазиз басым.
Осы айтқан сөздерiме құлақ қойып,
Шынымен туған халқым мақұлдасын!?

Бәрi де жақсылардың салауатты,
Жаратқан құдай артық асыл затты.
Жиылмас мырзалардың дастарханы,
Сөзi бар қонақтарға балдан тәттi.
Онан соң тәуiр жiгiт, би менен бек,
Олардың сөзiн ешкiм көрмейдi жек.
Ақ өзi оразасын артық қылған,
Сөзiне қанбай адам тұрады тек.

Ө лең-жыр иелерi, ғалым фазыл,
Неше аят пайғамбарға болған назыл.
Бәдғаттан ғәйбәт сифәт тiлiн тыйған,
Етпеген тақуа адам қалжың-әзiл.

Көз көрген жәмиғаттар қадiрдан-ды,
Iс қылып халалдықпен жиған малды.
Ер жiгiт ғадiлдiкке бел байлаған,
Аямас ағайыннан ғазиз жанды.

Даналар қадiр бiлген дегдар тектi,
Аузына алған емес жаман кептi.
Берген соң Алла дәулет неге аясын,
Шақырған бата алмаққа дүйiм көптi.

Бiлерсiз обалын да, сауабын да,
Жел есер жазғы күннiң шуағында.
Құ дайым есендiк пен һәқ жеткiзсе,
Көресiз сiзде түрлi iс уағында.

Қ олдасын адал жанды Иран ғайып,
Жарандар бұл сөзiмдi етпе айып.
" Сiздерден көп мәнфәғат көрдiм ғой”, - деп,
Жiбердiм жақсы iстердi жұртқа жайып.

Құ дайға құл, үмметпiз Мұхаммедке,
Осы бiр шағын хиссам жетсiн шетке.
Мойнына жырдың хақы қарыз болмай,
Кетпегей тым-ақ алыс қияметке.

Қой жайып, бiр өлеңiм қойға кеттi,
Ат мiнiп, бiр өлеңiм тойға кеттi.
Бәрiн де өзге өлеңiм ойландырып,
Дүниеден сол өлеңiм бойдақ өттi.

Жұмсадым сүр бойдақты бiлiп кел, - деп,
Қ айғысыз барған жерден күлiп кел,- деп.
Жiбердiм ауылдарға жаяу күйде,
Сыйлығын барған жердiң iлiп кел, - деп.
Күздiкке Нөктерекке жылда қонам,
Ә р iстiң болашағын оймен шолам.
Ашамайлы керейде Толыбай сыншыұлы -
Қожаберген дейтұғын жырау болам.



Жексенбі, 11.12.2016, 08:57
Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Мини-чат
200
Наш опрос
Менің сайтымды бағала
Всего ответов: 238
Статистика

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2016