Лаура
 Мағжан Жұмабаев
ӨТКЕН - АЯУЛЫ
Өткендi мақтар әр адам.
Бiлмеймiн, өткен алтын ба? 
Болмаса, мақтау өткендi
Азаматтың салты ма?
Қариялар отырып, 
Баяғыны мақтайды. 
Желкiлдеген жас заман
Оларға тiптi-ақ жақпайды.
≈аң да болған соларда, 
Тура, әдiл, жақсы да, 
Аспаннан перi түсiрген
Ғайыпты болжар бақсы да.
"Өткен артық " дер адам,
Шеше де өлген баласын
Аузынан, сөйлеп, тастамас,
Көз iшiнде қарасын
Қ ылықты да, тәттi де, 
Ақылды да ол бала. 
Екi жасар күнiнде
Пәлен деген - ол дана.
Жалғаны жоқ, адамнан
Жаңаны мақтар санаулы. 
Не дұрыс шығар, не терiс, 
Әйтеуiр өткен - аяулы.
БАЙҒҰС ҚАЗАҚ БАС КӨТЕРIП ТҰРАР МА?
Байғұс қазақ бас көтерiп тұрар ма?
Көңiлi түсiп, басы-мойнын бұрар ма?
Күнi туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?
ТУҒАН ЖЕР
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер. 
Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде
Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм. 
Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм. 
Сенен басқа жерде маған қараңғы, 
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.
Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес, 
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес. 
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы, 
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түрiп, қозы қуып, жарысып, 
Батпағыңда тең құрбымен алысып. 
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндiз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
"Адам басы - алла добы" деген рас, 
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас. 
Кiм бiледi, мен де шетке кетермiн, 
Туған жерiм,сенi тастап басым жас.
ҚАРАҒЫМ
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! .
Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме. .
Оқымай ойын қуған балаларға.
Жолама, шақырса да қасына ерме! .
Кiдiрме, аяңдама, алға ұмтыл, .
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме. .
"Қарманған қарап қалмас!" - деген рас сөз, .
Тоқтамай iсте болсаң батып терге. .
Жасынан оқу оқып, өнер қуған.
Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге. .
Бiлiмсiз, құр қалтақтап жүргенменен, .
Ерте өлген,көмiлулi қара жерге.
ҚАЗАҚ ТIЛІ
Күш кемiдi. Айбынды ту құлады. 
Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады. 
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 
Күндей күштi, күркiреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмтылды.
Елдiк, бiрлiк, ерлiк, қайрат, бақ ардың -
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп, 
Нұрлы жұлдыз - бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тiлiм, 
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм, 
Таралған түрiк балаларын баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм! 

ҚАЗАҚ АЗАМАТЫ
Бiреуiне - сен тәңiрiм деп табынад, 
Бiреуiне - мен құлың деп бағынад. 
Бiреуiне - садақа бер деп жалынад, 
Бiреуiне - құйрық болып тағылад.
Ылғи сорлы сағым қуып сабылад, 
Ылғи түссiз бiр сұр нәрсе жамылад. 
Қазағы - қой, артынан оның ағылад, 
Азаматқа қонақтық қой табылад. 
Бiреуiне - сен тәңiрiм деп табынад, 
Бiреуiне - мен құлың деп бағынад. 
Бiреуiне - садақа бер деп жалынад, 
Бiреуiне - құйрық болып тағылад.
Ылғи сорлы сағым қуып сабылад, 
Ылғи түссiз бiр сұр нәрсе жамылад. 
Қазағы - қой, артынан оның ағылад, 
Азаматқа қонақтық қой табылад. 
СОРЛЫ ҚАЗАҚ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тiккен туы жығылып, 
Алға баспай, бiткен iсi кер кетiп, 
Нәр тата алмай, күшсiз, әлсiз бүгiлiп.
Оқу-бiлiм жақындатпай, жолатпай, 
Қырын қарап, қазақ iсiн ұнатпай, 
Пыр-пыр ұйқтап сорлы қазақ тек жатыр, 
Қанды жаспен екi көзiн шылатпай.
Қозғал, қазақ, бiлiмге жүгiр, кез келдi, 
Қылыш алып "надандық" саған кезендi. 
Шетке лақтыр, тымақтай алып, тұра кеп, 
Ертеңдi-кеш басыңа мiнiп езгендi!
Кiтап әпер, оқысын балаң, қолына, 
Малды аяма оқу-бiлiм жолына. 
Өнер алып басқалармен қатар бол, 
Жер жүзi бiр адамзаттың ұлына!
* * *
Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру -
Жас өспiрiм үмiттi ердi бұзады. 
Тер ағызып, өлiп-талып табылған
Ата дәулет быт-шыт болып тозады. 


Жұма, 19.04.2024, 06:14
Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Мини-чат
Наш опрос
Менің сайтымды бағала
Всего ответов: 245
Статистика

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024